1. SMALL & SPAR дүкендер желісінен кез келген зат сатып алыңыз. Чектегі әрбір толық 2000 теңгеге кассирден 1 науқан фишкасын* (мысалы: 2 100 теңге = 1 фишка, 4100 теңге = 2 фишка) және жинақтау буклетін алыңыз.
2. Фишкаларды жинап, оларды буклетке жабыстырыңыз.
3. Кассаға қажетті мөлшерде фишкалар жапсырылған буклетті ұсынып, NASA акциялық тауарын сатып алуға 50% жеңілдік алыңыз.
4. Сіз жеңілдікпен науқандық тауарды сатып алғаннан кейін кассир буклетті алып қояды. Науқанға ары қарай қатысу үшін жаңа буклет алыңыз.
5. Науқан барысында науқандық тауарларды бөлшек бағамен де сатып алуға болады. Бұл жағдайда кассирге буклет пен фишкаларды көрсету талап етілмейді.
*Осы акцияға тек 18 жасқа толған және одан үлкен жеке тұлғалар қатыса алады.
Тауар SMALL&SPAR желісінің барлық дүкендерінде қолжетімді емес.
Фишкаларды беру және науқандық тауарды сату жұмысы 16.03.26-21.06.26 арасында жүргізіледі.
Назар аударыңыз! Сізге берілген жеңілдік ақшалай өтемақымен алмастырылмайды. Науқан бойынша берілетін жеңілдіктер басқа жеңілдік түрлерімен қосылмайды. Науқан өткізу кезеңінде сауда залында науқандық тауардың толық ассортименті уақытша болмауы мүмкін, бұл жағдайда шағымдар қабылданбайды. Сатылымдағы науқандық тауардың сыртқы түрі жарнамалық материалдардағы бейнесінен ерекшеленуі ықтимал.
Тауар саны шектеулі болғандықтан, фишкаларды беру кезеңі мен науқан өткізу мерзімі өзгертілуі мүмкін. Науқан ұйымдастырушысы тауар толық сатылып біткен жағдайда, қатысушыларды алдын ала хабардар ете отырып, науқанды мерзімінен бұрын тоқтату құқығын өзіне қалдырады. Хабарландыру науқанға қатысатын SMALL&SPAR сауда нысандарында және https://small.kz/ сайтында орналастырылады.
Тауар туралы, науқан шарттары, өткізу орны мен мерзімі жөніндегі ақпаратты https://small.kz/ сайтынан немесе call-орталықтың 8 800 070 71 70 телефоны арқылы білуге болады.